• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1095 

532 рет
көрсетілді

2015 жылғы 28 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесі (бұдан әрі – қызмет түрлерінің тізбесі) бекітілсін. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар (келісім бойынша) 2016 жылғы 1 сәуірге дейін бекітілген қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келмейтін қызмет түрлерін жарғылық құжаттардан алып тастау арқылы өздерінің ведомстволық бағынысты заңды тұлғаларының (олардағы акцияларды (қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама иелену елу пайыздан астамды құрайтын) қызмет түрлерін сәйкес келтірсін. 3. Осы қаулының 2-тармағының талабы «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысына сәйкес жекешелендіруге жататын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға қолданылмайды. 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын 1 желтоқсанға дейін 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 196-бабының 3-тармағына сәйкес қызмет түрлерінің тізбесін өзектілендіру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар беруді қамтамасыз етсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысымен бекітілген Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесі 1. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі республикалық меншіктегі заңды тұлғалар мен олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері Р/с № ЭҚЖЖ-ға сәйкес қызмет түрінің атауы ЭҚЖЖ коды 1 2 3 1. Аралас ауыл шаруашылығы 01500 2. Ғарыштық ұшу аппараттарын жасау 30302 3. Хирургиялық және ортопедиялық құрылғыларды жасау 32503 4. Қауіпті қалдықтарды өңдеу және жою 38220 5. Жолдар мен автомагистральдар құрылысы 42111 6. Ортақ пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын (учаскелерін) салуды, реконструкциялауды, жөндеуді, пайдалануды және ондағы ақылы қозғалысты ұйымдастыру, сонымен қатар ағымдағы жөндеу мен ұстау 42112 7. Барлау мақсатымен бұрғылау 43130 8. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің шеңберінде фармацевтикалық және медициналық тауарларды көтерме саудада сату 46462 9. Ресми іс-шараларға арналған мейрамханалары бар қонақ үй қызметін көрсету 55103 10. Газет шығару 58130 11. Журналдар мен мерзімді басылымдарды шығару 58140 12. Кино, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламаларды шығару жөніндегі қызмет 59110 13. Радиохабар тарату 60100 14. Телевизиялық бағдарламалар жасау және трансляциялау қызметі 60200 15. Бірыңғай көлік ортасы арқылы мемлекеттік органдар үшін телекоммуникациялық сымды байланыс 61101 16. Өзге телекоммуникациялық сымсыз байланыс 61209 17. Байланыс ұйымдастыру үшін спутниктік телекоммуникациялар саласындағы қызмет 61303 18. Деректерді орналастыру және өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтер 63111 19. Ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды қолдай отырып, әдіснамалық- ақпараттық қамтамасыз ету 63112 20. Веб-порталдар 63120 21. Холдингтік компаниялар қызметі 64200 22. Медициналық жабдықтар мен техниканың қаржылық лизингі 64912 23. Өзге топтамаларға жатқызылмаған сақтандыру және зейнетақы қорлары көрсететін қызметтерді қоспағанда, қаржылық қызметтердің басқа түрлері 64999 24. Өмірді мемлекеттік сақтандыру 65111 25. Мемлекеттік емес зейнетақымен қамсыздандыру 65302 26. Жеке меншік мүлікті жалға беру және басқару 68201 27. «Эталон орталығын» пайдалану кезінде шараларды қамтамасыз ету 68322 28. Картография саласында көрсетілетін қызметтер 71125 29. Геология саласындағы зертханалық-талдамалық зерттеулер 71204 30. Автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарын жобалау, салу, жөндеу, ұстау және диагностикалау саласындағы ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер 72191 31. Геология саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары 72192 32. Ғарыш қызметі саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер 72193 33. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы зерттеулер және эксперименттік әзірлемелер 72194 34. Инфекцияға қарсы препараттар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер 72195 35. Индустрияны дамытуға бағытталған қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы қолданбалы зерттеулер 72202 36. Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер 72203 37. Экономикалық, бюджеттік және стратегиялық жоспарлау саласындағы пәнаралық зерттеулер мен әзірлемелер 72204 38. Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу 74902 39. Инновациялық технологиялармен айналысатын ведомстволық қызметтердің (медициналық, білім беру, консультациялық және т.б.) жұмысы 74903 40. Басқа санаттарға енгізілмеген өзге кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 74909 41. Конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру 82300 42. Халықаралық қызмет 84210 43. Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет 84250 44. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызмет 84300 45. Жоғары білім 85420 46. Басқа санаттарға енгізілмеген білім берудің өзге түрлері 85599 47. Кең бейіндегі және мамандандырылған ауруханалар қызметі 86101 48. Стационарлары бар басқа да емдеу мекемелерінің қызметі 86109 49. Жалпы дәрігерлік практика 86210 50. Театр қызметі 90011 51. Концерт қызметі 90012 52. Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі 92000 2. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалар мен олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері Р/с № ЭҚЖЖ-ға сәйкес қызмет түрінің атауы ЭҚЖЖ коды 1 2 3 1 Жылу электр станцияларының электр энергиясын өндіруі 35111 2 Өзге электр станцияларының электр энергиясын өндіруі 35114 3 Электр энергиясын беру 35120 4 Электр энергиясын бөлу 35130 5 Жылу желілерінің жылу энергиясын өндіруі 35301 6 Дербес қазандықтардың жылу энергиясын өндіруі 35302 7 Жылумен жабдықтау 35303 8 Суды жинау, өңдеу және бөлу 36000 9 Кәріз жүйесі 37000 10 Электротехникалық және монтаж жұмыстары 43210 11 Автобуспен тасымалдау 49311 12 Трамваймен тасымалдау 49312 13 Троллейбуспен тасымалдау 49313 14 Терминалдар көрсететін қызметтер 52213 15 Өзге көліктік-экспедициялық қызметтер 52299 16 Холдингтік компаниялар қызметі 64200 17 Коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша консультация беру 70221 18 Басқа санаттарға енгізілмеген өзге кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 74909 19 Экономикалық қызметті тиімді жүргізуді реттеу және жәрдемдесу 84130 20 Басқа санаттарға енгізілмеген білім берудің өзге түрлері 85599 21 Мәдениет және демалыс саябақтары мен тақырыптық саябақтардың қызметі 93210 22 Коммерциялық және кәсіпкерлік ұйымдардың қызметі 94110 3. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді заңды тұлғалары және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері Р/с № ЭҚЖЖ-ға сәйкес қызмет түрінің атауы ЭҚЖЖ коды 1 2 3 1 Ағаш өсіру және өзге орман шаруашылығы қызметі 02100 2 Тас көмірді ашық тәсілмен өндіру 05101 3 Лигнитті (қоңыр көмірді) ашық тәсілмен өндіру 05201 4 Лигнитті (қоңыр көмірді) жерасты тәсілімен өндіру 05202 5 Шикі мұнайды және ілеспе газды өндіру 06100 6 Метаннан басқа табиғи газды өндіру 06201 7 Көмір кен орнынан метанды өндіру 06202 8 Темір кенін жерасты тәсілімен өндіру 07101 9 Темір кенін ашық тәсілмен өндіру 07102 10 Уран және торий кенін өндіру 07210 11 Мыс кенін өндіру және байыту 07292 12 Қорғасын-мырыш кенін өндіру және байыту 07293 13 Бағалы металдар мен сирек кездесетін металл кендерін өндіру 07298 14 Басқа түсті металл кендерін өндіру 07299 15 Сәндік және құрылыс тасын өндіру 08111 16 Әктасты, гипсті және борды өндіру 08112 17 Малтатасты және құмды карьерлерді игеру 08121 18 Химиялық өнеркәсіп пен тыңайтқыштар алу үшін минералды шикізаттар өндіру 08910 19 Металл емес кенді өндіру және байыту 08992 20 Шыны өнеркәсібі үшін бастапқы шикізат өндіру 08994 21 Асыл тастар (алмастан басқа) және жартылай асыл тастар, жарқырауық тастар және кәріптас өндіру 08995 22 Мұнай мен табиғи газды өндіру кезіндегі техникалық қолдау 09100 23 Кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары және жерасты қазба жұмыстары үшін техникалық қолдау 09900 24 Балықты, шаян тәрізділерді және былқылдақ денелілерді өңдеу және консервілеу 10200 25 Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 19201 26 Өнеркәсіптік газды өндіру 20110 27 Өзге бейорганикалық негізгі химиялық заттар өндірісі 20130 28 Биоэтанол өндірісі 20142 29 Өзге органикалық химиялық заттар өндірісі 20149 30 Бастапқы пішіндегі пластмасса өндірісі 20160 31 Бастапқы пішіндегі синтетикалық каучук өндірісі 20170 32 Басқа химиялық өнімдер өндірісі 20599 33 Пластмасса табақтар, шиналар мен профильдерге арналған камералар өндірісі 22210 34 Тауарларға арналған пластик ораулар өндірісі 22220 35 Табақ шыны өндірісі 23110 36 Шыны ыдыс өндірісі 23131 37 Түрпілі бұйымдар өндірісі 23910 38 Шойын, болат және ферроқорытпалар өндірісі 24100 39 Бағалы (асыл) металдар өндірісі 24410 40 Қорғасын, мырыш және қалайы өндірісі 24430 41 Титан мен магний, вольфрам мен молибден өндірісі 24452 42 Түсті металдар мен қорытпалар өңдеу 24454 43 Сирек металдар мен жартылай өткізгіш материалдар өндірісі 24455 44 Ядролық отынды өңдеу 24460 45 Шойын құю 24511 46 Болат құю 24520 47 Өзге түсті металдарды құю 24540 48 Өзге металл цистерналар, резервуарлар мен контейнерлер жасау 25290 49 Қару-жарақ және оқ-дәрілер өндірісі 25400 50 Металдарды өңдеу және металдарға қаптамалар түсіру 25610 51 Өзге металл бұйымдар өндірісі 25710 52 Металл және ағаш өңдеу аспаптарын жасау 25731 53 Металл бөшкелер және ұқсас сыйымдылықтар жасау 25910 54 Өзге дайын металл бұйымдар өндірісі 25999 55 Электронды бөлшектер өндірісі 26110 56 Өндірістік мақсаттағы теле- және радиоаппаратура өндірісі 26301 57 Кабельді телефон және телеграф байланысына арналған аппаратура өндірісі 26302 58 Пайдаланушыларға арналған электронды құралдар жасау 26400 59 Механикалық шамаларды өлшеуге арналған құралдар жасау 26511 60 Электр өлшеу құралдарын жасау 26512 61 Радио өлшеу аспаптарын жасау 26513 62 Физикалық зерттеулерге арналған аспаптар жасау 26515 63 Сәулелендіргіш, электромедициналық және электротерапевтік жабдықтар жасау 26600 64 Электрод өнімдерін жасау 27901 65 Электр оқшаулағыш бұйымдарын жасау 27902 66 Электросигналды жабдықтар жасау 27903 67 Өзге электр механизмдері мен аспаптарын жасау 27909 68 Қозғалтқыштарды жасау 28111 69 Турбиналар жасау 28112 70 Крандарды жасау (құрылыстық емес) 28221 71 Құрылысқа арналған крандарды жасау 28222 72 Үздіксіз көлік жабдығын жасау 28223 73 Лифт өндірісі 28224 74 Авто және электр тиегіштерді жасау 28225 75 Өзге көтергіш-көліктік, тиегіш-түсіргіш және қойма жабдықтарын жасау 28229 76 Ауа кондиционерлерін, желдеткіштерін жасау 28252 77 Сүзгіш және тазалауыш жабдықтарды жасау 28292 78 Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау 28302 79 Мұнай кәсіпшілігінің және бұрғылау геологиялық барлау жабдықтарын жасау 28991 80 Мұнай мен газ өңдеу жабдықтарын жасау 28992 81 Электрондық өнеркәсіпке арналған арнайы технологиялық жабдықтарды жасау 28993 82 Шыны өндірісіне арналған технологиялық жабдықтарды жасау 28994 83 Полиграфиялық өнеркәсіпке арналған технологиялық жабдықтарды жасау 28995 84 Арнайы мақсаттағы басқа машиналар жасау 28999 85 Тіркемелерді және жартылай тіркемелерді жасау 29202 86 Корабльдер мен қалқымалы конструкцияларды жасау 30110 87 Темір жол локомотивтерін және жылжымалы құрамды жасау (жөндеусіз) 30200 88 Әскери жауынгерлік автокөлік құралдарын жасау 30400 89 Зергерлік бұйымдарды жасау 32120 90 Металл цистерналарды, резервуарларды және контейнерлерді жөндеу 33111 91 Орталық жылыту қазандықтарынан басқа бу қазандықтарын жөндеу 33113 92 Дәрімен атылатын және артиллериялық қаруды жөндеу 33114 93 Металл бөшкелерді және ұқсас сыйымдылықтарды жөндеу 33115 94 Басқа да металл бұйымдарды жөндеу 33119 95 Механикалық жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33121 96 Жалпы мақсаттағы басқа да жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33122 97 Ауыл және орман шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33123 98 Станоктарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33124 99 Арнайы мақсаттағы басқа да машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33125 100 Кеңсе машиналарын және есептеуіш техникаларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33126 101 Өлшеуге, тестілеуге және навигацияға арналған құралдар мен аспаптарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33131 102 Бақылау жабдығын жөндеу 33132 103 Сәулелендіргіш, электромедициналық және электротерапевтік жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33133 104 Оптикалық аспаптарды және фотографиялық жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33134 105 Электромоторларды, генераторларды және трансформаторларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33141 106 Электр бөлу және реттеу аппаратураларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33142 107 Электрмен жарықтандыру жабдығын жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33143 108 Басқа санаттарға кірмеген, өзге де электр жабдықтарын техникалық күту және жөндеу 33149 109 Кемелерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33151 110 Спорт және серуенге арналған қайықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33152 111 Темір жолдардың жылжымалы құрамын жөндеу 33171 112 Өнеркәсіптік техника мен жабдықты жөндеу 33200 113 Жылу электр станцияларының электр энергиясын өндіруі 35111 114 Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі 35112 115 Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі 35114 116 Электр энергиясын беру 35121 117 Электр энергиясын желіге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру, электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерімділігін ұйымдастыру 35122 118 Ұлттық электр желісінің жабдығына пайдалану қызметтерін көрсету 35123 119 Жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуатын реттеу және резервтеу 35124 120 Электр энергиясын бөлу 35130 121 Электр энергиясын тұтынушыға сату 35140 122 Газ тәрізді отынды өндіру 35210 123 Құбырлар арқылы газ тәрізді отынды бөлу 35220 124 Газ тәрізді отынды құбырлар арқылы сату 35230 125 Жылу желілерінің жылу энергиясын өндіруі 35301 126 Дербес қазандықтардың жылу энергиясын өндіруі 35302 127 Жылумен жабдықтау 35303 128 Жылу электр станцияларының жылу энергиясын өндіруі 35305 129 Суды жинау, өңдеу және бөлу 36000 130 Кәріз жүйесі 37000 131 Қауіпсіз қалдықтарды жинау 38110 132 Қауіпті қалдықтарды жинау 38120 133 Қауіпсіз қалдықтарды өңдеу және жою 38210 134 Қауіпті қалдықтарды өңдеу және жою 38220 135 Қара металдың қалдықтары мен сынықтарын өңдеу 38321 136 Тұрғын үй ғимараттарының құрылысы 41201 137 1 санаттағы стационарлық сауда объектілерін қоспағанда, басқа тұрғын емес ғимараттардың құрылысы 41202 138 Жолдар мен автомагистральдар құрылысы 42111 139 Ортақ пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын (учаскелерін) салуды, реконструкциялауды, жөндеуді, пайдалануды және ондағы ақылы қозғалысты ұйымдастыру, сонымен қатар ағымдағы жөндеу мен ұстау 42112 140 Темір жолдар және метро құрылысы 42120 141 Магистральдық мұнай және газ құбырларының құрылысы 42211 142 Сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне арналған құбырлардың құрылысы 42212 143 Электр энергиясымен және телекоммуникациямен қамтамасыз етуге арналған бөліп таратқыш объектілердің құрылысы 42220 144 Су құрылыстарын салу 42910 145 Ғимараттарды бөлшектеу және бұзу 43110 146 Жер жұмыстары 43121 147 Жару жұмыстары 43122 148 Барлау мақсатымен бұрғылау 43130 149 Телекоммуникациялық, компьютерлік және телевизиялық желілерді тарату бойынша электр техникалық және монтаждау жұмыстары 43211 150 Өзге де электр техникалық және монтаждау жұмыстары 43219 151 Сумен жабдықтау, жылыту және ауа баптау жүйелерін монтаждау 43220 152 Оқшаулау жұмыстары 43291 153 Өзге де құрылыс-монтаж жұмыстары 43298 154 Құрастырылған жабдықты қосу және реттеу 43299 155 Сылақ жұмыстары 43310 156 Ағаш шеберінің және ағаш ұстасының жұмыстары 43320 157 Еденге жабын төсеу және қабырғаларды қаптау жұмыстары 43330 158 Сырлау және шыны жұмыстары 43340 159 Өзге әрлеу жұмыстары 43390 160 Төбе жабу жұмыстары 43910 161 Шахталар құрылысы 43991 162 Құрылыс жабдығын операторымен жалға беру 43993 163 Арнайы кәсіптерді талап ететін өзге құрылыс жұмыстары 43999 164 Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу 45200 165 Ауыл шаруашылығы шикізатын, тірі мал, тоқыма шикізаты мен жартылай фабрикаттарды сату жөніндегі агенттердің қызметі 46110 166 Түрлі ассортименттегі тауарларды сату жөніндегі агенттердің қызметі 46190 167 Тері мен былғарыны көтерме саудада сату 46240 168 Шикі мұнай мен ілеспе газды көтерме саудада сату 46711 169 Табиғи (жанатын) газды көтерме саудада сату 46712 170 Тас көмірді көтерме саудада сату 46713 171 Лигнитті (қоңыр көмірді) көтерме саудада сату 46714 172 Авиация бензинін және жермайды көтерме саудада сату 46715 173 Автомобиль бензинін көтерме саудада сату 46716 174 Дизель отынын көтерме саудада сату 46717 175 Отын мазутын көтерме саудада сату 46718 176 Өзге де отынды көтерме саудада сату 46719 177 Қара және түсті металл кендерін көтерме саудада сату 46721 178 Шойын, болат және олардың құймасын көтерме саудада сату 46722 179 Бағалы металдарды көтерме саудада сату 46724 180 Өзге де аралық өнімдерді көтерме саудада сату 46762 181 Қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын көтерме саудада сату 46771 182 Бағалы металдар мен асыл тастардың сынықтарын көтерме саудада сату 46772 183 Өзге де металл емес қалдықтар мен сынықтарды көтерме саудада сату 46779 184 Мамандандырылған дүкендерде мотор отынын бөлшек саудада сату 47301 185 Жолаушылар темір жол көлігі, қалааралық 49100 186 Жүк теміржол көлігі 49200 187 Автобуспен тасымалдау 49311 188 Басқа санаттарға жатқызылмаған жерүсті жолаушылар тасымалдарының өзге түрлері 49390 189 Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 49410 190 Тасымалдау бойынша қызметтер 49420 191 Құбыржолмен тасымалдау 49500 192 Теңіз және жағалау жүк көлігі 50200 193 Кестеге бағынатын жолаушылар әуе көлігінің қызметі 51101 194 Астықты қоймаға қою және сақтау 52101 195 Астықтан басқа азық-түлік емес тауарларды қоймаға қою және сақтау 52102 196 Азық-түлік тауарларын қоймаға қою және сақтау 52103 197 Темір жолды пайдалану 52211 198 Терминалдар көрсететін қызметтер 52213 199 Су тартқыштарды қосқанда, магистральды және басқа да құбырларды пайдалану 52215 200 Қолданыстағы магистральды және өзге де құбыржолдарға құбыржол жалғау (қосу) жөнінде көрсетілетін қызметтер 52216 201 Құрлық көлігі саласында көрсетілетін өзге де қызметтер 52219 202 Су көлігі саласында көрсетілетін қызметтер 52220 203 Жолаушылар мен жүк тасымалына жататын өзге қызмет 52239 204 Жүктерді көліктік өңдеу 52240 205 Көліктік-экспедициялық көрсетілетін қызметтер 52291 206 Көліктегі техникалық қадағалау 52292 207 Жалпыға бірдей қамту аймағында қызметтерді ұсыну міндеттемелеріне сәйкес пошталық көрсетілетін қызметтер 53100 208 Өзге пошталық және курьерлік қызмет 53200 209 Тұрғын үйдің басқа түрлері 55900 210 Елді мекендерден тыс тамақтандыруды ұйымдастырудың өзге түрлері 56291 211 Жолаушылар поездарында тамақтандыруды ұйымдастырудың өзге түрлері 56292 212 Бірыңғай көлік ортасы арқылы мемлекеттік органдар үшін телекоммуникациялық сымды байланыс 61101 213 Өзге телекоммуникациялық сымды байланыс 61109 214 Бірыңғай көлік ортасы арқылы мемлекеттік органдар үшін телекоммуникациялық сымсыз байланыс 61201 215 Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының желісі арқылы теле-, радио бағдарламаларды таратуды ұйымдастыру 61202 216 Өзге телекоммуникациялық сымсыз байланыс 61209 217 Бірыңғай көлік ортасы арқылы мемлекеттік органдар үшін спутниктік телекоммуникациялар саласындағы қызмет 61301 218 Телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін спутниктік телекоммуникация саласындағы қызмет 61302 219 Байланысты ұйымдастыру үшін спутниктік телекоммуникациялар саласындағы қызмет 61303 220 Интернет желісі арқылы телерадио бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет 61901 221 Телекоммуникациялық қызметтердің өзге түрлері 61909 222 Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу 62011 223 Бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу 62012 224 Ақпараттық технологиялар саласындағы консультациялық және практикалық көрсетілетін қызметтер 62021 225 Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қалыптастыру және дамыту шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық құрал-жабдықтарды басқару жөніндегі қызмет 62031 226 Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтің басқа түрлері 62092 227 Деректерді өңдеу және орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер 63111 228 Веб-порталдар 63120 229 Ұлттық даму институты және оның еншілес лизинг беруші ұйымы болып табылатын банктерді қоспағанда, банктердің қызметі 64191 230 Жинақ банктерінің қызметі 64192 231 Ұлттық даму институты және оның еншілес лизинг беруші ұйымы болып табылатын банк қызметі 64193 232 Холдингтік компаниялар қызметі 64200 233 Медициналық жабдықтар мен техниканың қаржылық лизингінен басқа қаржылық лизингтер 64911 234 Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын арнайы қаржылық қолдау қорларының қызметі 64922 235 Индустриялық-инновациялық қызмет пен агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне көрсетілетін қаржы-экономикалық көрсетілетін қызметтер 64991 236 Басқа қаржылық қызметтер, экономиканың басқа салаларын қаржыландыру, инвестициялық қызмет 64992 237 Кредит берудің өзге түрлері 64929 238 Өзге топтамаларға жатқызылмаған сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметтерінен басқа, қаржылық көрсетілетін қызметтердің басқа түрлері 64999 239 Сақтандыру агенттерінің және брокерлерінің қызметі 66220 240 Сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі басқа қосалқы қызмет 66290 241 Жеке меншік мүлікті жалға беру және басқару 68201 242 Жалға берілетін жылжымайтын мүлікті жалдау (қосалқы жалдау) және пайдалану 68202 243 Бас компаниялардың мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму саясатын жүзеге асыруға байланысты қызметі 70101 244 Басқа да бас компаниялардың қызметі 70109 245 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары мен концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу 70222 246 Атом өнеркәсібі және атом энергетикасы объектілері үшін сәулет саласындағы қызмет 71111 247 Атом өнеркәсібі және атом энергетикасын қоспағанда, инженерлік ізденістер саласында көрсетілетін қызмет және осы салада техникалық консультациялар беру 71121 248 Геологиялық барлау мен ізденістер жүргізу жөніндегі қызмет (ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерсіз) 71122 249 Инженерлік ізденістер саласындағы қызмет және осы салада атом өнеркәсібі мен атом энергетикасы объектілері үшін техникалық консультация беру 71126 250 Мұнай өндіруші зауыттардың зертханалық сынақтар мен талдаулар жүргізуді жүзеге асыру қызметі 71203 251 Техникалық сынаулар мен талдауды жүзеге асыратын басқа да мекемелер қызметі 71209 252 Автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарын жобалау, салу, жөндеу, ұстау және диагностикалау саласындағы ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер 72191 253 Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы зерттеулер және эксперименттік әзірлемелер 72194 254 Индустрияны дамытуға бағытталған қоғамдық және гуманитарлық саладағы қолданбалы зерттеулер 72202 255 Жарнама агенттіктерінің қызметі 73110 256 Бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама беру 73120 257 Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйе үшін компьютерлер мен перифериялық жабдықтарды жалға алу 77331 258 Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де машиналарды, жабдықтар мен материалдық құралдарды жалға алу 77391 259 Қорғалған авторлық құқықтармен жасалатын жұмыстарды қоспағанда, зияткерлік меншікті және ұқсас өнімдерді жалға алу 77400 260 Ұлттық компаниялар құрған, стратегиялық объектілерге қызмет көрсету үшін техникалық және көмекші персоналды ұсыну жөніндегі ұйымдардың қызметі 78302 261 Брондау бойынша көрсетілетін қызметтердің өзге түрлері және оған ілеспе қызметтер 79900 262 Ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдарының қызметі 80102 263 Тазалау бойынша көрсетілетін қызметтердің барлық түрлері 81290 264 Фотокөшірмелеу жұмыстары, құжаттамалар дайындау және мамандандырылған кеңселік қызмет көрсетудің өзге түрлері 82190 265 Ақпараттық-анықтамалық қызметтердің жұмысы 82200 266 Төлемдерді жинау агенттіктері мен кредиттік бюролардың қызметі 82910 267 Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі 84250 268 Кәсіптік орта білім 85322 269 Жоғары білім 85420 270 Ұлттық компаниялар және олардың еншілес ұйымдары ұсынатын білім беру түрлері 85592 271 Ұлттық компаниялар және олардың еншілес ұйымдары ұсынатын қосалқы білім беру қызметтері 85601 272 Санаторийлік-курорттық ұйымдардың қызметі 86103